Дәрігерге іші ауырып келген келіншекке 7 айдан бері жүкті екені сол сәтте айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әрі ол ақ халаттыларға "о баста арықтағанмын, кейін аяқасты салмақ қостым" деп айтып, асқазан-ішек жолдарын тексерткен. Келіншекті УЗД арқылы тексерген дәрігер оның аяғы ауыр екенін жеткізеді.
– Клиникамызға жас келіншек келіп, іші ауырып тұрғанын, ішек жолы ауырлап, іші кеуіп кеткенін айтты. Әйел біраз уақыт бұрын қатты салмақ тастаған екен, бірақ, өзінің айтуынша, соңғы бірнеше айда қатты толып кеткен. Оған УЗД жасаған дәрігер әйелдің жүкті екенін, ішіндегі баласы 7 айлық екенін көрген. Оның үстіне, дәрігер тексеріп жатқанда кенет толғақ басталып кетіп, емханамыздың гинекологтары оны аман-есен босандырып алды, – деп жазды клиника.
Келіншек бүгінде дені сау қыз бала босанған. Сәбидің де, анасының да денсаулығы қалыпты.
– "Ішек жолым ауырады" деп келген келіншек осылайша аяқасты ана атанды. Жолдасы да қуанышты. Бұл – жас отбасының бірінші баласы, – деп хабарлады емхана өкілдері.