"Артыңа ағаш тығайық па?": Ақмола облысында бірнеше бала 1-сынып оқушысын ұрып-соққан

Оқиға 2 мамыр күні Степногор қаласындағы "Махаббат аллеясы" аумағында болған.  

"Артыңа ағаш тығайық па?": Ақмола облысында бірнеше бала 1-сынып оқушысын ұрып-соққан Фото: instagram/turar_media

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде Ақмола облысына қарасты мектептің 5-сынып оқушылары өздерінен кішкентай баланы жабылып, ұрып-соғып кеткені туралы дерек тарады.

Зардап шеккен баланың анасы ұлының досымен бірге велосипед тебуге кеткенін айтады.

– 2 мамыр күні ұлым досымен бірге велосипед тебуге шыққан еді. Сол кезде оны бірнеше бала ұстап алып, ұрып-соға бастаған. Олар: "Қане, таңда, не істейміз? Телефоныңды аламыз ба, әлде велосипедіңді ме? Немесе артқы жағыңа ағаш тығайық па?" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін оны велосипедпен қуып жетіп, соғып кеткен. Соның салдарынан балам басын жиектасқа соғып алды. Келесі күні ұлымның аяғы мен басы ауырған соң, рентгенге түсіру үшін ауруханаға апардым. Аллаға шүкір, бәрі аман, бірақ аяқтары көгерген және тізесі қатты ауырып тұр, – дейді қатты ашу қысқан анасы.

Ақмола облысының Полиция департаменті жаға ұстатарлық оқиғаға қатыстылардың кім екені анықталғанын хабарлады.

– Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу