"Артында 8 айлық баласы қалды": Жамбыл облысында 19 жастағы ана қаза тапты

596

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Артында 8 айлық баласы қалды": Жамбыл облысында 19 жастағы ана қаза тапты Фото: бейнежазбадан

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы жас ана Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Артында 8 айлық баласы қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрбысының айтуынша, Мадина күйеуінің өзіне қол көтергеніне бірнеше рет шағымданған. Қайтыс болар алдында кезекті жанжалдан кейін күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін жазған және 15 мың теңге қарыз сұраған.

Құрбысында сол сәтте қажетті қаражат болмаған. Көп ұзамай Мадинаның мезгілсіз қаза тапқаны белгілі болды.

Жамбыл облысының полициясы істі тергеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу