Арулар – асыл жандар

567

Бүгін елорданың "Байқоңыр" әкімдігі аудан аруларын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.   

Арулар – асыл жандар Фото: gov.kz

"Әлем әйелдермен көркем" атты іс-шарада эстрада әншілері, қоғам қайраткерлері, ауданның көпбалалы аналары мен белсенділері бас қосты. Алтын құрсақты 6 ана "Күміс алқа" иесі атанды. Ел дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектер әкімнің алғысын алды.

Елорданың 1,5 млн халқының тең жартысы - әйелдер. Байқоңыр ауданының өзінде 2000 мұғалім, 600 медицина қызметкері, 300-дей жан коммуналдық салада қызмет етіп жүр.

Марапаттау сәті!

Полиция инспекторы, құрылысшы, автобус жүргізушісі. Бүгін мамандығының қиындығына қарамастан жұмысын мінсіз атқарып жүрген осындай нәзік жандар алғысқа бөленді.

Бақытгүл Нұрмұханқызы, Астана қ. ПД Байқоңыр аудандық полиция басқармасының инспекторы:

Мынау мерекеге келген кезде ерекше бір өзіңнің керемет, бір абыройлы адам екеніңді сезінеді екенсің. Еңбегің бағаланғаны. Алғысымыз шексіз аудан әкіміне, елеп-ескеріп, еңбегімізді бағалап жатқан.

"Күміс алқа" иелерінің де қатары тағы 6 адамға толықты.

Ақмарал Жұмадуллаева, "Күміс алқа" иегері:

Әкімдіктің шақырғанына өте қуаныштымын. "Күміс алқаның" да орны бөлек екен өзі. Қуанышты сезім бар. Барлық әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Жақсы ән мен тәтті күйден жиналғандар бір сергіп қалды. Әсіресе, ортаға 70 шақты бала шығып "АНА" деп ән салғанда көзіне жас алғандар көп болды.

"Ана туралы жыр"

Сәуле Желдібаева, әнші:

Осы күні қырларын қызғалдақ өртеген көктемнің күнінде барша қыз-келіншектерге, бір қолымен бесік тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымызға тек қана жақсылық тілеймін. Жылулық пен мейірімділік өздеріңіздің бойларыңызда зор еселене берсін!

Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Қазір елімізде денсаулық сақтау мен білім саласында 30 мың, өндірісте 100 мың, ал бизнесте 97 мың қыз-келіншек еңбек етеді. Соның барлығы дерлік отбасы-ошақ қасын сүттей ұйытып қана қоймай, мемлекеттің өркендеуіне де белсенді атсалысып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу