Арыс қаласында 2312 үй қалпына келтірілді

728

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған.

Арыс қаласында 2312 үй қалпына келтірілді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс қаласында бүгінге дейін 2312 үй (бір күн бұрын 2179) қалпына келтірілген.

"Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үй еліміздің 14 өңірі мен республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделуде және қайта тұрғызылуда",– делінген хабарламада.

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған.

"Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүргізілуде, онда 355 үй қалпына келтірілді, Батыс Қазақстан облысында (290 үй) және Қызылорда облысында (177 үй)",– делінген министрлік таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу