Арыс қаласында жарылған әскери қоймада ескі оқ-дәрілер болған

1884

Дегенмен Нұрлан Ермекбаев жарылысқа ескі оқ-дәрі себеп болмағанын айтады.

Арыс қаласында жарылған әскери қоймада ескі оқ-дәрілер болған

Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі сақтау қоймасында болған жарылыстардан еліміздің қорғаныс саласына қомақты шығын келген. Бұл жөнінде ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Дегенмен, министр шығын көлемін нақты айта алмады. Себебі, әлі күнге есептеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

"Онда сақталған оқ-дәрілердің жарамдылық мерзімі заң бойынша, тәртіп бойынша сақталған. Ескірген оқ-дәрілер өте аз, 5 пайыздан аспайды. Сондықтан, ескірген оқ-дәріден жарылыс болды деп айтуға болмайды",– дейді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша Арыстағы жарылыстардан ең көп зардап шеккен қорғаныс саласының қызметкерлері екен. Ондағы әскерилердің отбасыларының барлығы баспаналарынан айырылып қалыпты

Еске сала кетсек, төтенше жағдайда 2 әскери қызметкер өрт сөндіру кезінде қаза болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу