Арыста 407 жеке және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді

781

5 тамызға қарай Арыс қаласында 6,7 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Арыста 407 жеке және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді

 

 2,5 мың ЖТҚ және КПТҮ нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде,деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні 407 жеке үй және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті – тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордты саны – 8 мыңға жуық маман қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу