Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады

964

Ал дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. 

Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады

Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты. Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Ал дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы секторларға бөлінген құрылысшылар көмектеспек. Нысандар қысқа мерзімде жөнделеді.

Арыс қаласында 300-ден астам кәсіпкерлік нысан бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана,  5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу