Арыста мұнай базасының аумағынан өрт шықты

199

Оқиға 13 қаңтарда болған.  

Арыста мұнай базасының аумағынан өрт шықты Фото: t.me/railways_kz

Арыс – Монтайтас тас жолы бойындағы Арыс қаласы мұнай базасы аумағының сорғы станциясында 30 м2 алаңда мұнай өнімдерін өрт шалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт кезінде жапсарлас салынған ғимаратқа және жақын орналасқан 5 резервуарға оттың таралу қаупі туындады.

Түркістан облысы ТЖД сұрауы бойынша өртті жоюға Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы тартылды.

"Қызыл жалын дереу ауыздықталды және де 06:38-ге дейін толығымен жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД, Өрт сөндіру пойызы және басқа бөлімшелердің қызметкерлерін қосқанда 60 адам қатысты. Өртті жою үшін 10 бірлік техника пайдаланылды", – делінген хабарламада.

Жазатайым оқиғаларға жол берілмеді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себебін Түркістан облыстық ТЖД комиссиясы тексереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу