Арыстағы 7700-ден астам тұрғын үй толық жөндеуден өтеді

1002

Жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны - 21.

Арыстағы 7700-ден астам тұрғын үй толық жөндеуден өтеді

Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Үй иелері уақытша орынға жайғасқан.

Жалпы Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен.

Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170  арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу