Арыстағы ескі ату жарақтар сатылымға шығарылды

175

33 тоннадан асатын түсті металл 79 миллион теңгеге сатылып жатыр. 

Арыстағы ескі ату жарақтар сатылымға шығарылды Фото: e-auction.gosreestr.kz

Электронды сауда алаңы сайтында лот жарияланды - Арыстағы ескі оқ-дәрілер сатып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ЭСА сайтына сілтеме жасап.

33 тоннадан асатын түсті металл 79 миллион теңгеге сатылып жатыр. Аукционға қатысушылар 11 869 664 теңге кепілді жарна құйып, сосын бағаны ұлғайту арқылы бәссаудаға қатыса алады. 

Ату жарақтарын "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы сатып жатыр.

Жарияланған суреттерден автоматтар мен снарядтардан атылған гильзаларды байқауға болады. Жалпы алғанда сатып алушы мынадай түсті металдарға ие болады: 29 тонна латунь сынықтары, 2,8 тонна алюминь құймасы, 46 келі қорғасын және 1,2 тонна мыс құймасы.

Айта кетейік, 2019 жылы Арыстағы әскери бөлімде қоймада жарылыс болды. Снарядтар жан-жаққа ұшып, көптеген ғимараттарды қиратты. Жергілікті тұрғындар толықтай эвакуацияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу