Арыстағы жарылыстар алдағы күндері жалғасады

1213

Оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жөніндегі жоспарлы жұмыстар басталады.

Арыстағы жарылыстар алдағы күндері жалғасады

Арыс қаласында күнделікті таңғы сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жарылыстар болатыны ескертілді. 

"Құметті Арыс қаласының тұрғындары! Сіздерге оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жөніндегі жоспарлы жұмыстардың басталатынын хабарлаймыз. Күнделікті сағат 9-дан бастап кешкі 18:00-ге дейін қалада жарылыс дыбыстары естілуі мүмкін. Алаңдамауларыңызды сұраймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді", – деп жазылған Арыс қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

 Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу