Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын митингіге шықты

2054

Олар Шымкенттен баспана салып беруді талап етуде. 

Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын митингіге шықты

Әскери қоймада болған жарылыстан кейін, эвакуацияланған Арыс тұрғындары бейсенбі күні рұқсат етілмеген митингіге шығып, өздеріне Шымкенттен баспана салып беруді талап етті, деп хабарлайды Интерфакс- Қазақстан.    

Митингіге шыққандар эвакуация бекеттердің бірі орналасқан Шымкенттегі "Ақ мешітке" жақын жерге жиналған. Тұрғындар Арысқа қайтып оралғысы келмейтіндерін, ол жақтың әлі де қауіпті екенін айтып отыр. Олар өздеріне баспана салып беруді, Шымкенттен жер беруді талап етуде.       

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, митингіге шығушылар саны тез өсуде.         

Митингіге шыққандарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов, әкімнің орынбасары Қайрат Нұртай мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков келді.     

Халықтың жиналуына қала басшысының "Арыстан эвакуацияланған тұрғындарға Шымкенттен баспана мен жер берілмейді" деген сөзі себеп болған.                   

Еске салар болсақ, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жарылыс болған еді. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланып, Арыс қаласының халқы эвакуацияланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу