Арзан баға ұсынатын интернет-алаяқтар пайда болды

235

Полиция интернетте тауарды "шұғыл сататындарға" сенбеуге шақырып отыр.  

Арзан баға ұсынатын интернет-алаяқтар пайда болды Фото: gov.kz

Соңғы уақытта алаяқтықтың жаңа тәсілі кеңінен таралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше қаскөйлер көбіне сатып алушыларды шектен тыс төмен бағамен, сондай-ақ "шұғыл сатамын", "соңғы баға", "қазір алып кетеді" деген секілді сөздермен асықтырып, алдауға тырысады.

"Кең таралған тәсілдердің бірі – шынайы емес тауардың фотоcын, тіпті видеосын жіберу немесе хабарландыруға қою. Кейін "басқа сатып алушы бар" деп сылтауратып, алдын ала төлемді немесе толық ақыны аударуды талап етеді. Ақша түскен соң байланыс үзіледі: телефон өшіріледі, аккаунт жойылады, ал тауар мүлде жеткізілмейді", – деп ескертеді полиция.

Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем әдістерін қолданған жөн.

"Банк картасының деректерін, сондай-ақ SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу "102" нөміріне хабарласу қажет", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • бейтаныс сатушыға алдын ала төлем жасамаңыз, төлемді маркетплейстен тыс аудармаңыз;
  • тек платформаның қауіпсіз мәміле және ресми төлем қызметтерін қолданыңыз;
  • сатушыны міндетті түрде тексеріңіз: пікірлер, тіркелген уақыты, белсенділігі, жарияланым тарихы;
  • бағаны салыстырыңыз: тым арзан баға – күмәнді белгі;
  • мүмкін болса, тауарды қолма-қол кездесіп, тексергеннен кейін ғана төлеңіз;
  • ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді айтпаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу