Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

157

Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды Фото: uralskweek.kz

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүліктерін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Биылғы қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

– Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, –делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу