Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Швециядан елге жеткізілді

162

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Швециядан елге жеткізілді Фото: polisia.kz

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Швециядан экстрадициялады.

Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында болған жүйелік қателерді пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған. Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Осы жылы ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам, оның ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық үшін экстрадицияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу