Жамбыл облысында Аса өзені тасып, жағалауын су басты. Соның салдарынан халықаралық Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралін шайып кету қаупі төнді, деп хабарлайды 24.kz.
Қауіпсіздік мақсатында көлік қозғалысына шектеу қойылып, айналма жол арқылы жіберуге тура келді. Өзен арнасындағы суды азайту үшін Теріс-Ащыбұлақ су қоймасынан жіберілетін судың мөлшері 10 текше метрге дейін азайтылды. Су басқан аймаққа ені – 3, биіктігі – 1,5, ал ұзындығы 600 метрлік бөгет тұрғызылды.
Сонымен қатар су Қаратөбе ауылдық оркугіндегі "Дорожник" саяжайына барар жолға да жеткен. Мамандардың айтуынша, тұрғындар мен үйлерге төнер қауіп жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу