banner

Асад Ердоғанмен қандай жағдайда кездеседі?

652

Сирия президенті Башар Асад іс-сапармен Мәскеуге келді. 

Асад Ердоғанмен қандай жағдайда кездеседі? Фото: img4.eadaily.com

Ол РИА Новостиге берген сұхбатында түрік әскерлері САР-дан шығарылғаннан кейін ғана Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуге дайын екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ердоғанмен кездесуге келетін болсақ, Түркия Сирия аумағынан (түрік әскери күштерін) толық шығарып, терроризмді қолдауды тоқтатып және Сириядағы жағдайды соғыс басталғанға дейінгі деңгейге қайтаруға дайын болатын болса ғана келіссөздерге қол жеткізуге болады. Бұл менің Ердоғанмен кездесуімнің жалғыз нұсқасы", - деді Асад.

"Тағы бір мәселе - мұндай кездесудің қажеті қанша, егер ол Сириядағы соғыстың аяқталуына әкелмесе, оны не үшін онда ұйымдастырамыз?"- деп қосты ол.

Оның айтуынша, Түркия Сириядағы соғыста теріс рөл атқарды, Дамаск террористік деп санайтын ұйымдарды қолдады және Сирия аумағына өз әскерлерін енгізді.

"Біз үшін Түркия — бұл басқыншы мемлекет", - деді Асад.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу