Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

335

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әсел Жұбанышқызы Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры, Лондон қаласы (2010-2014 жж)

ҚР Ұлттық Банкінің РМК "Банктік сервис бюросы" директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық Банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары (2014-2016 жж)

"Зерде" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы (2016-2017 жж)

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі (2017-2018 жж)

"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры (2018-2020 жж. шілде)

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі (2020 жылғы шілде – 2022 жылғы 30 қыркүйек)

"Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы (2022 ж. қазан - 2025 ж. 8 маусым)

Қазақстан Республикасы Президенттің кеңесшісі (2025 ж. 8 маусымнан бастап)

Білімі:

"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университеті (2010 ж)

М.В. Ломоносов атындағы ММУ – "Executive Management" бағдарламасы бойынша, магистратура (2014 ж)

Марапаттары:

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалі (02.12.2021)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу