Әсем Рахметова Сенат депутаты ретінде ант берді

562

Сондай-ақ ол әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды.

Әсем Рахметова Сенат депутаты ретінде ант берді Фото: Парламент Сенаты

Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланған Әсем Рахметова Сенат отырысында ант берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жуырда Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып Рахметова Әсем Қалашбайқызы сайланды. Кеше әріптесіміз Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелді", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Сенат спикері Әсем Рахметованың депутаттық қызметіне табыс тіледі. 

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант берді. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Әсем Рахметова.

Сенатор әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің құрамында болуға өтініш білдіріп, оның мүшесі болып сайланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу