Әсет Исекешевтің орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды

1391

Әсет Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. 

Әсет Исекешевтің орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу