banner

АҚШ иелігіндегі екі гидроэлектростанция Қазақстан меншігіне қайтарылды

1006

АҚШ иелігіндегі екі гидроэлектростанция Қазақстан меншігіне қайтарылды

Осыған дейін америкалық компанияның жекеменшігінде болған екі гидроэлектростанцияны Қазақстан мемлекеттік меншікке қайтарып алды, деп хабарлайды LS.

Қазақстан Республикасы мен американдық AES Corparation компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.

Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қазанында "AES Өскемен СЭС" ЖШС және "AES Шүлбі СЭС" ЖШС - екі концессия объектісінің 100% қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.

Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардың активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "AES Өскемен СЭС" ЖШС-нің және "AES Шүлбі СЭС" ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.

Қазақстан Республикасының энергетика министрі осы компаниялардың бас директоры етіп Асқар Балабатыровды тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, "KEGOC" АҚ-да, "Алматы ПауэрКонсолидэйтед" АҚ-да, "Алатау Жарык Компаниясы" АҚ-да және "Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы" АҚ-да жұмыс істеген, электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе иен білімге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу