Асхат Аймағамбетов: Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені өтірік

804

Төртінші тоқсанда қашықтан оқыту шаралары тегін ұйымдастырылған.

Асхат Аймағамбетов: Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені өтірік

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға бөлінген қаражатты жоқтап жүрген депутаттар мен белсенділерге жауап берді. 

"Қашықтан оқытуға бөлінген қаражат туралы кеше көтерілген мәселелерге қатысты түсінік бере кеткім келеді. Журналистер де көтеріп жатыр. Әр түрлі ақпарат толып жүр. Кейбіреулер 70 млн доллар бөлінді дегенді айтып жүр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Қашықтан оқыту негізінде тек биыл ғана енгізіле бастады. Сәуір айынан бастап қана қолға алынған. Төртінші тоқсанда дәл қашықтан оқытуға деп қаржы бөлінген жоқ. Барлық интернет платформалар төртінші тоқсанда өз ресрустарын ақысыз ашқан болатын. Өйткені төтенше жағдай режимі жарияланған еді. Біздің өтінішімізді барлық әріптестеріміз қолдады бір сөзбен айтқанда. Төртінші тоқсанда  көрсетілген телевизиялық сабақтар да тегін түсіріліп, тегін көрсетілген болатын. Сондықтан осы мәселе жөнінде дұрыс түсініктеріңіз болғанын қалаймын. 1 қыркүйектен бастап телевизиялық сабақтар қайта түсіріліп жатыр. "Хабар" арнасы түсіруде. Тапсырыс бергендіктен жұмыс жүріп жатыр", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу