Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды

1374

Сонымен қатар бүгін Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді. 

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды Фото: gov.kz

Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды, деп жазады inbusiness.kz КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын" – деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу