Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерде смартфон қолдануға қатысты мемлекеттің ұстанымы қандай екенін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мектептерде смартфон қолдануға мемлекет ұстаным бар ма? Англия, Нидерланд және әлемнің 40 пайыздан астам мемлекеттері осындай шешімді қабылдады. Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім-инновация мектептері және алдыңғы қатарлы озық мектептер осы шешім қабылдап, мектептерде телефон ұстауға тыйым салды. Нәтижелері оң. Балалар бір-бірімен сөйлеседі, үлгеріміне де өте жақсы әсері болып отыр. Осы мәселені Цифрлық кодекс шеңберінде қалай қарастыруға болады және Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігінің позициялары қандай?", – деп сұрады депутат.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның сөзінше, Цифрлық кодексте бұл мәселе қарастырылмаған.