Асхат Оралов хоккейден қыздар құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

1535

Отандық хоккейші қыздар Исландия құрамасын ойсырата жеңді. 

Асхат Оралов хоккейден қыздар құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Фото: Facebook / Асхат Оралов

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хоккейден қыздар құрамасын жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Біздің команда Исландияны 7-0 есебімен жеңді. Чемпионат Болгарияның София қаласында өтті. Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты. Осыған дейін олар Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) командаларын ұтты. Біздің құраманы жоғары жетістіктерімен құттықтап, жаңа жеңістер тілеймін!", - деп жазды министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу