Асхат Тағыбергеннің соққан голы Еуропа чемпионатында үздік атанды

212

Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген 26 наурыз күні 86-минутта Каспер Шмейхельдің қақпасына гол соққан еді.

Асхат Тағыбергеннің соққан голы Еуропа чемпионатында үздік атанды Фото: УЕФА

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы үздік атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген 26 наурыз күні 86-минутта Каспер Шмейхельдің қақпасына гол соққан еді.

УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары құрлықтық доданың іріктеу сатысындағы үздік он голды анықтаған еді.

Одан кейін жанкүйерлердің дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.

УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары Асхат Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға лайықты деп санаған еді. Ал жанкүйерлер арасында ол бірінші орынға шықты.

Екінші және үшінші орындарға Албания құрамасының ойыншылары Ясир Асани мен Кристьян Асланидің соққан голдары лайықты деп бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу