Ашхабад-Алматы бағыты бойынша ұшақ аптасына үш рет ұшатын болды

1219

Рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Boeing-737 типті әуе кемесімен орындалады.

Ашхабад-Алматы бағыты бойынша ұшақ аптасына үш рет ұшатын болды

2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап көктемгі-жазғы навигацияның аяқталуына дейін (2018 жылғы 27 қазан) "Түркменстан" әуе компаниясы Ашхабад-Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2-ден 3-ке дейін рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл осы бағытта елдер арасындағы әуе тасымалына деген сұраныстың артуымен байланысты.
Рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Boeing-737 типті әуе кемесімен орындалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресейге, Грузияға, Өзбекстанға және тағы басқа да елдерге рейстер саны артқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу