Ашхабадта қазақ мәдениетіне арналған халықаралық фотокөрме ашылды

249

Түрікменстан астанасы Ашхабадтағы Ұлы Сапармұрат Түрікменбашы атындағы Бейнелеу өнері музейінде "Ғасырлар қойнауынан: фотосуреттердегі қазақ мәдениеті" атты халықаралық көрме көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ашхабадта қазақ мәдениетіне арналған халықаралық фотокөрме ашылды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ашылу рәсіміне Ашхабадтағы музейлердің басшылары, БҰҰ және ЕҚЫҰ өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрменің мақсаты – Түрікменстан жұртшылығын XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныстыру. Сонымен қатар музей қорларында сақталған құнды тарихи фотосуреттерді көпшілікке көрсету көзделген.

Экспозицияға этнографиялық мазмұндағы 31 фотосурет енгізілген. Оларда қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, қолөнері мен кәсібі, ұлттық киімдері мен әшекейлері, баспанасы, күнделікті пайдаланған бұйымдары және қару-жарақтары бейнеленген.

Халықаралық фотокөрме 2026 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу