АШМ Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасын әзірледі

433

Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. 

АШМ Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасын әзірледі

Құжатқа сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 10 жылға дейін 2,5% бен 5 млрд теңгеге дейінгі ең жоғары сомамен кредиттер беру жоспарлануда.

Кредиттер үміткерлерге жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермаларын (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймаларын (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ суармалы егіншілік саласындағы (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) және заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалануды көздейтін (шашырату, тамшылатып суару) жобаларды кеңейту үшін берілетін болады.

65 сүт-тауар фермасының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады, бұл сүт өндірісін жылына 371,7 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу