АШМ: Астық алқаптарының 86 пайызы жиналды

635

Ведомстводан жиналған астықты сақтауға орын жеткілікті екендігі хабарланды.

АШМ: Астық алқаптарының 86 пайызы жиналды

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 13,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы өнімнің 86,3%-ды құрайды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер кезінде 17,3 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тонна болған, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналған.

"Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 млн тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар. Аталған көлемдердің болжамды түсімін ескерсек, ол орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу