АШМ егіс жұмыстарына дизель отынын онлайн бөлуді жоспарлап отыр

590

Ауыл шаруашылығы министрлігі маусымдық жұмыстарға сұйық отынды теңдей беру үшін осындай жаңа әдіс ойлап тапты, деп жазады inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

АШМ егіс жұмыстарына дизель отынын онлайн бөлуді жоспарлап отыр Фото: turkystan.kz

Ол үшін процестерді жеңілдететін арнайы платформа құрылды. Сондай-ақ министрлік дизель отынының көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электрондық қалыптастыру және бөлу процесін қамтитын қағидалардың жобасын әзірледі. Шаруалар жанармайды нормативке сәйкес егін еккен әр гектарына сай алады. Олардың тізімі gosagro.kz. порталында автоматтандырылған режимде жасалады.

"Қазіргі уақытта қағидалар жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен "Атамекен" ҰКП-да қарау және келісу рәсімінен өтіп жатыр. Құжаттың жобасымен "Ашық НҚА" порталында да танысуға болады. Барлық келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар қаралады және негіз болған жағдайда қағидалар жобасын пысықтау кезінде ескерілетін болады" - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Дизель отынын электронды бөлуді жүзеге асырмас бұрын республика өңірлерінде пилоттық режимде сынақтан өткізіледі деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу