АШМ-ға қарасты мекеменің басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

579

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның басшылығы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

АШМ-ға қарасты мекеменің басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Агенттік мәліметінше, басшылық қызметте жұмыс істеген К. есімді адамның айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Күдікті "Фитосанитария" ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алды деп айыпталуда", – деп жазылған хабарламада.

Барлық ұсталған адам өз кінәсін мойындап, тергеумен келісімге келген.

Күдіктінің кінәсіне қатысты соңғы шешімді сот шығарады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу