АШМ: Қазір мал шаруашылығы саласы өзінің жаңа кезеңін бастады

321

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 42,1% жуығы мал шаруашылығына тиесілі.

АШМ: Қазір мал шаруашылығы саласы өзінің жаңа кезеңін бастады

СҚО-да биыл дәстүрлі республикалық малшылар слеті өтті. Оған республиканың жетекші мал шаруашылығы кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Слет барысында ең үздік малшыларға құрмет көрсетілді. Республиканың көзге түскен шаруа қожалықтарының басшылары "Еңбек ардагері" медальдарымен, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" белгілерімен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетсек, АШМ "мал шаруашылығы саласы өзінің жаңа кезеңін бастады" деп санайды.

"Сенатта қаралып жатқан "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заң жобасының арқасында тауар өндірушілерге селекциялық-асылдандыру жұмысындағы заманауи әдістер мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Заңнамалық деңгейде асыл тұқымды жануарларды бағалаудың жаңа әдістері енгізіледі. Мысалы, индекстік бағалау, молекулалық және генетикалық сараптама жүргізу, жануарларға геномдық бағалау жүргізу көзделген. Сонымен қатар қазіргі уақытта мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері арасында өкілеттіктерді бөлу, ветеринарлық қызметті өзіне тән емес функциялардан босату және ауылдық округтердің ветеринарлық дәрігерлеріне қосымша өкілеттіктер беру, сондай-ақ ветеринария саласын цифрландыру бар", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство мәліметіне сүйенсек, еліміз сиыр еті, қой еті, жылқы еті мен жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастаған. ал құс еті бойынша соңғы 3 жылда импортқа тәуелділік 51%-дан 35%-ға дейін төмендеген.

"Соңғы 5 жылда мал шаруашылығына субсидия көлемі 60%-дан астамға өсіп, 2022 жылы 124,5 млрд теңгені құрады. Өткен жылы мал шаруашылығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, сүтті мал шаруашылығында импортты алмастыру міндетіне сәйкес, 2021 жылы қуаттылығы 57 мың тонна болатын 35 сүт-тауар фермасы іске қосылды", – деген дерек келтіреді ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться