АШМ Маңғыстаудағы түйе індетіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

1909

Қыркүйек және қазан айларында алынған биологиялық сынамалар теріс нәтиже көрсетті. 

АШМ Маңғыстаудағы түйе індетіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында Маңғыстаудағы жағдай туралы ақпарат жарияланды. 

"Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы мен облыстық аумақтық инспекциясынан қыркүйек-желтоқсан аралығында түйенің шешек ауруы тарауы мүмкін екені туралы хабарлама келген болатын. Күдікке қыркүйек айында 6 бас, қазан айында – 3 бас, желтоқсан айында 5 түйе іліккен. Өңірге "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" РММ мамандары бірнеше рет жіберілген болатын. Хаттамалық сынақтарға сәйкес қыркүйек және қазан айларында алынған биологиялық сынамалар теріс нәтиже көрсетті. Желтоқсанда қосымша сынамалары алынды. Шешек жұқтыруы мүмкін делінген түйелер арасында өлім жоқ: Клиникалық белгілері бойынша да шешек індеті расталмады", – делінген сайттағы ақпаратта.

Мамандар мұнымен тоқталмай, 16-21 қазан аралығында з қосымша 45 түйеден (Маңғыстау ауданы – 6 бас, Қарақия ауданы – 33 бас, Жаңаөзен – 6 бас) сынама алыпты. 

"Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша аусыл, пастереллез, листериоз, сібір жарасы, туберкулез және шешек ауруларына жүргізген зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты. Қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін Манғыстау облысына 2020 жылдың 3-ші қаңтарында "ВБҰРО" РМК, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК өкілдерінің  және "Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институтының" жетекші ғалымдары барады. Аймақтың эпизоотиялық жағдайы Маңғыстау облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында", – делінен ресми мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу