АШМ отбасылық сүт фермаларын дамытуға қолдау көрсетеді

732

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған ұлттық жобасының бір бағыты сүт шаруашылығы. 

АШМ отбасылық сүт фермаларын дамытуға қолдау көрсетеді

Аталған тұжырымдаманың тұсаукесерінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мемлекет ауыл шаруашылық кооперативтері мен тұқымдық бағыттағы сүт фермаларын қолдайтынын айтты деп хабарлайды eldala.kz.

Қазіргі таңда сүт фермаларын дамытудағы негізгі мәселе- басталған жобалардың өзін-өзі ақтау мерзімінің ұзақ болуы, кепілзаттың болмауы, ветеринария деңгейінің төмендігі, жемшөптің жетіспеушілігі және өнімділіктің төмендігі. Сондай-ақ білікті мамандардың жетіспеушілігі және қосымша құн тізбегі жақсы жетілмеген.

"Біз субсидиялау арқылы сүт фермаларын ашқымыз келеді, өндіріс үшін және сату желілері үшін жеңілдетілген несиелер береміз. Біз кооператив мүшелеріне тауарлық несие беруді енгізгіміз келеді. Отбасылық фермаларға типтік жобалар негізінде субсидия беретін боламыз. Бізде қазір инвестициялық субсидиялар жоқ, алайда отбасылық шағын фермаларды дамытқымыз келеді", – деді Рүстем Курманов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығына арналған дақылдарды егуді арттырады және суару жүйелеріне инвестиция тартады, сонымен қатар фермерлерге жер мен су ресурстарына қол жетімді болу үшін жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында фермерлерді ауыл шаруашылығын басқарудың озық әлемдік тәжірибелері мен технологияларына оқыту бағдарламасы басталды. Палаталар, қауымдастықтар, өндірушілер, университеттер мен ауыл шаруашылық колледждері негізінде фермерлерге кеңес беру жүйесі ашылатын болады.

Ветеринария аталған саладағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ұлттық жоба ветеринарлық қызметті жергілікті және ұлттық деңгейде дамыту және нығайтуға бағытталған, малдарды бағып-бақылау және ветеринарлардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар жасалады.

Сонымен қатар, елдімекендердегі жеке ветеринария саласы дамитын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу