АШМ Түркістан облысы үшін жаңа Үкімет қаулысын дайындап жатыр

571

Диқандар егін маусымында 3 млн теңгенің несиесін ғана алған. 

АШМ Түркістан облысы үшін жаңа Үкімет қаулысын дайындап жатыр

Биыл Түркістан облысына көктемгі дала жұмыстары мен егін ору науқанына деп 1,6 млрд теңгенің несиесі бөлінетін болған. Бірақ өңір диқандары соның тек 3 млн теңгесін ғана керегіне жаратуға құлық танытыпты. Ауыл шаруашылығы министрлігі игерілмей қалған қаражатты басқа мақсатқа бағыттайтын сияқты. 

"Қаражаттың игерілмей қалуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдың 22 қыркүйегінен "Үкімет резервінен 2020 жылдың көктемгі дала жұмыстары мен егін ору науқанын жүргізуге қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігінен бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттарын анықтау" туралы үкімет қаулысын дайындады. Қоғамдық талқылау арқылы қабылданатын қаулы бойынша Түркістан облысының әкімдігіне 2020 жылдың көктемгі және күзгі егіс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік несиелендіру аясында 1,6 млрд теңгенің орнына 3 130 мың теңге ғана бөлінетін болды. АШМ бұл қаулының шешімін "несие мерзімі тым қысқа болғандықтан жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілердің несиеге өтінім беріп үлгермеуімен" байланыстырып отыр", – деп жазады Еldala.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу