Ашулы тұрғындар полициядан 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіні беруді талап етуде

1058

Сәтбаев қаласында жоғалған бала көпқабатты үйлердің пәтерінен табылды.

Ашулы тұрғындар полициядан 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіні беруді талап етуде

Кеше Сәтбаев қаласында жезқазғандық тұрғын сағат 21:00 шамасында полицияға хабарласып, 5 жасар қызының жоғалғанын айтқан. Баланы іздеуге қаладағы полиция бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылып, сондай-ақ еріктілер де атсалысты. Іздеушілер қызды көпқабатты үйлердегі бір пәтерден тапқан.

"Күдікті ұсталды. Алайда біраз адам күдіктіні беруді талап етіп отыр. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін оқиға орнында тәртіп сақшылары жүр. Қарағанды облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолға алды",– дейді департаменттің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу