"Ашық аспан" режимі 5 жылға ұзартылды - ҚР ИИДМ

572

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті "Ашық аспан" режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.   

"Ашық аспан" режимі 5 жылға ұзартылды - ҚР ИИДМ Фото: ortcom.kz

Осылайша, бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін беруді көздейді, деп жазады inbusiness.kz Индустрия және иинфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

"Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында да енгізілді.

Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу