"Ашық деректер" тұжырымдамасы: әкімдіктер талапты қалай сақтап отыр

876

Павлодар (35,8%), Маңғыстау (46,7%) және Алматы (71,7%) облыстары өзекті ақпаратты уақытында ұсынбайды.

"Ашық деректер" тұжырымдамасы: әкімдіктер талапты қалай сақтап отыр

2021 жылғы 15 шілдеде электронды үкімет сайтындағы ашық деректердің өзекті жиынтығының үлесі 85% болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 17 өңірдегі жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) орналастырған ашық деректердің үлесі орта есеппен – 96,8%. 

17 ЖАО-ның арасында барлық ақпаратты тек 10-ы толық ұсынған. Тағы 6 ЖАО ақпаратты толық орналастырған: 91,4%-99,2%.

Маңғыстау облысындағы ЖАО халық пен бизнесті ашық деректер жиынтығымен 63,7%-ға қамтамасыз еткен. 

17 өңірдің ішінде 6 өңірдің әкімдіктері 100%-ға өзекті деректерді ұсынған. Тағы 5 өңірдегі порталда орналастырылған ашық деректер жиынтығының өзектілік үлесі 92,2%-99,1% аралығында.

Деректер өзектілігінің ең нашар көрсеткіші Павлодар (35,8%), Маңғыстау (46,7%) және Алматы (71,7%) облыстарының үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу