Ашық түсті мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салынады – Энергетика министрлігі

667

Бұйрықты бекіту өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемдері арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Ашық түсті мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салынады – Энергетика министрлігі

Қазақстанға бензинді, авиациялық және дизель отынын теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге тыйым салуды көздейтін "Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы" Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 352 бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі таңда ішкі нарықта мұнай өнімдерінің қорлары айтарлықтай жоғары деңгейде және импорттық отынның қосымша көлемінің келуі отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Министрліктің бұйрықты бекітуі өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемдері арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Ведомство импорттық отынның қосымша көлемінің келуі – қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін азайтуға әсер етеді деп есептейді. Сондай-ақ зауыттардың резервуарлық парктерінің, елдің барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу