Ашық Wi-Fi арқылы банкингке кірмеңіздер – ескерту

431

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады.  

Ашық Wi-Fi арқылы банкингке кірмеңіздер – ескерту Фото: Алексей Орлов / Ведомости

Агенттік дербес деректердің жоғалуы оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына алып келуі мүмкін екенін айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Киберқылмыскерлер банктік шоттар мен жеке ақпаратқа қол жеткізу үшін фишингті қоса алғанда, әртүрлі схемаларды қолданады.

"Тәуекелдерді азайту үшін қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтау маңызды. Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз, банк картасының толық деректемелерін, әсіресе CVV-кодты, SMS-кодтар мен құпиясөздерді жария етпеңіз. Күмәнді сілтемелер арқылы өтуден аулақ болыңыз және тексерілмеген көздерден лицензиясы жоқ қолданбаларды орнатпаңыз", – делінген хабарламада.

Агенттік құрылғыларды үнемі тексеріп отыруды ұсынды: антивирусты жаңартыңыз, спам мен күдікті хаттарды жойыңыз, қажетсіз жөнелтушілерді бұғаттаңыз және кэшті тазалаңыз.

"Әртүрлі аккаунттар үшін бірдей құпиясөзді пайдаланбаңыз. Күрделі құпиясөз кемінде 10 таңбадан – әртүрлі тіркелімдердің әріптері, цифрлар мен арнайы белгілер комбинациясынан тұруға тиіс. Жалпыға қолжетімді Wi-Fi желілері арқылы интернет-банкингке кірмеңіз: олар көбіне қауіпті болуы мүмкін. Өздерін банктің, әлеуметтік қызметтердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған жағдайда да, белгісіз адамдарға ешқашан жеке деректеріңізді бермеңіз", – деді агенттік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу