Ashyq: 32 алматылыққа айыппұл салынды

621

Қала тұрғындарының мәртебесі "қызыл" болған. Бұл туралы Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ashyq: 32 алматылыққа айыппұл салынды Фото: Максим Морозов

"Ashyq сырқаттанғандардың карантин режимін сақтау әрі инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша бақылайды. 2021 жылы 9 сәуір мен 8 шілде аралығында қоғамдық тамақтану нысандарында сканерлеу кезінде 323 адамда "қызыл" мәртебе тіркелді. Фитнес, бассейн орындарында – 164, кинотеатрда – 79, СОСО – 24, ХҚКО келушілердің арасында – 21 адам анықталды. Заң шеңберінен аттағандарға 10 маусымнан бастап айыппұл салынуда. Осы уақытқа дейін 32 адамға 30 АЕК көлемінде жаза қолданылды", – деді Жандарбек Бекшин. 

Бас санитардың айтуынша, мониторингтік топтар бизнес иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Алайда көпшілік оған құлақ аса бермейтін көрінеді. 

"Қала тұрғындарынан вакцина салдыруды және Ashyq жүйесіндегі нысандарға бару үшін міндетті түрде тіркеуден өтуді сұраймыз. Сондай-ақ коронавируспен ауырған жағдайда жауапкершілік танытуға шақырамыз", – деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу