Ashyq мобильді қосымшасы 235 мың рет жүктелді

1013

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ashyq мобильді қосымшасына қанша адам тіркелгені жарияланды.  

Ashyq мобильді қосымшасы 235 мың рет жүктелді

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, пилоттық режимдегі Ashyq мобильді қосымшасын 235 мың қолданушы жүктеген.

"Пилоттық режимге 619 нысан қатысты. Оның ішінде, фитнес-клубтар, йога, СПА орталықтары, бассейндер, компьютер клубтары болды", – деді Әсет Тұрысов.

Естеріңізге салайық, Ashyq мобильді қосымшасын "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және денсаулық сақтау министрліктерінің тапсырысымен отандық IT-компания әзірледі. Мобильді қосымша Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы қызмет көрсету нысандарында іске қосылды.

Біле жүріңіз, Ashyq мобильді қосымшасы QR-код арқылы келушінің вирус тасымалдаушысы емес екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысандардың халықты қабылдауға әзірлігін және олардың санитарлық талапқа сәйкестігін көрсетеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу