Ashyq вакцинация төлқұжаттарымен шілдеге дейін біріктіріледі

916

Вакцинациядан өткен қазақстандықтар екінші компонентті салдырғаннан кейін, бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады.  

Ashyq вакцинация төлқұжаттарымен шілдеге дейін біріктіріледі

Бұл туралы ҚР ДСМ СЭБК көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Вакцинация паспорты интеграцияланады, қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен техникалық жұмыстар жүргізілуде. Екі компонентті де алған әрбір адамға "жасыл" мәртебе берледі", – деді спикер. 

Оның айтуынша, интеграция 1 шілдеге дейін аяқталуы керек.

"Вакцинация паспортына келетін болсақ, бізде 1 шілдеге дейін мерзім бар. Бірақ вакцина алған адам жасыл мәртебеге ие болуы үшін біз барлық техникалық мәселелерді ертерек шешуге тырысамыз", – деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу