Ащысор ойпаты Каспий суымен толтырылады

1375

Ащысор ойпаты Каспий суымен толтырылады

Маңғыстау облысы аумағындағы Ащысор ойпаты Каспий теңізінен толтырылатын болады, деп хабарлайды islam.kz.

Осы мақсатта жаңа рекреациялық аймақты құру туралы жұмыс басталып та кетті. Бұл жайында аталған облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі мәлім етті.

"Маңғыстаудағы рекреациялық аймақ" жобасы бойынша Каспийден канал арқылы ойпатты теңіз суымен толтыру көзделуде. Бұл жасанды су қоймасының аумағы шамамен 300 шаршы метрді, ал тереңдігі 12 метрді құрайтын болады. Бұл жасанды су қоймасын туристер демалатын орынға айналдыру да жсопарланып отыр. Қазіргі уақытта аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, тамыз айының 11-і күні Ақтау қаласында аталмыш жобаға байланысты жұрттың пікірі тыңдалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу