"AsiaCredit Bank" мүлкін ұрлауға қатысты тексеру жүріп жатыр – ҚМА

515

Қаржылық мониторинг агенттігі "AsiaCredit Bank-те" мүліктің ұрлануына қатысты тексеру жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"AsiaCredit Bank" мүлкін ұрлауға қатысты тексеру жүріп жатыр – ҚМА

"ҚМА Алматы қ. бойынша департаменті "AsiaCredit Bank" АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазір департаментпен ҚР ҚПК 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілген жоқ.

Алматыда Asia Credit Bank-тен 25 млрд теңге ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы бұған дейін журналист Михаил Козачков жазған болатын. 

"26 маусымда тергеу соты бірінші күдіктіні қамауға алуға санкция берді – ол бизнесмен Орифджан Шадиевтің көмекшісі Михаил Соловьев. Тергеу аса ірі мөлшерде "алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Бұл үш еншілес ұйымды (Capital Bank, Asia Credit Bank және Tengri Bank-ті) бизнесмен Шадиев біріктіре бастағаннан кейін болған оқиға. Қазір барлық үш ұйым лицензиясынан айырылды, тарату комиссиялары жұмыс істеп жатыр. "Тенгри" бойынша да қылмыстық іс бар: акционерлердің бірі Ержан Шайкенов және басқа да тұлғаларға айып тағылған. Сонымен бірге біріктіру сәтсіздікке ұшырағаннан соң Шадиев Ұлттық Банкке 15 млрд теңгеден астам қарыз болып шықты. Бизнесмен реттеушімен осы сомаға бітімгершілік келісімге қол қойды", - дейді Козачков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу