Асиф Али Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды

429

Aсиф Али Зардари Пәкістанның екі палатасында (Ұлттық ассамблея (төменгі палата) және Сенатта (жоғарғы палата), төрт аймақтық ассамблеяда) өткен дауыс беру нәтижесінде екінші рет ел президенті болып сайланды, деп жазады Анадолы.

Асиф Али Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды Фото: thebalochnews.com

The News International басылымының хабарлауынша, президенттік сайлау 8 ақпанда Пәкістанда өткен жалпы парламенттік сайлаудан кейін өтті.

Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Пәкістан халық партиясы (ХПП) мен Пәкістан Мұсылман лигасы - Наваздың бірлескен кандидаты Зардари екінші рет Пәкістан президенті болып сайланды.

Асиф Али Зардари 1955 жылы Карачиде дүниеге келген және 2008-2013 жылдар аралығында президент қызметін атқарған. Зардаридің әйелі 2007 жылы 27 желтоқсанда қарулы жанкешті шабуылдың салдарынан қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу