Асқар Мамин 4 елдің үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

739

Премьер-Министр Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен коронавирустың таралуымен күресудегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Асқар Мамин 4 елдің үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарланды үкімет басшысының ресми сайтында.

Үкіметтер басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады. 

Шетел азаматтарының кіруі/шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде әрекет етіп тұрған шектеулерге байланысты ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен әңгімелесу барысында ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды.

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу