Асқар Мамин АҚШ-қа сапары аясында бірқатар компания басшыларымен келіссөз жүргізді

696

ҚР премьер-министрі Сан-Франциско қаласына барып, онда цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру, энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. 

Асқар Мамин АҚШ-қа сапары аясында бірқатар компания басшыларымен келіссөз жүргізді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында "C3.ai" компаниясының бас атқарушы директоры Т. Сибелмен келіссөз кезінде ҚР мұнайгаз және басқа да секторларында жасанды интеллектіні қолдануда ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Cisco" трансұлттық компаниясының президенті Г. Дидрихпен кездесуде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсаттарға қол жеткізуде және ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастықтың жаңартылған стратегиясын іске асыру мәселелері қаралды. 

"One Web" компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысында Қазақстанның аумағын, оның ішінде шалғайдағы және жету қиын аудандарды жерсеріктік байланыс арқылы жаппай жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпен қамту жобасын іске асыру перспективалары қаралды. Келіссөз қорытындысы бойынша АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов және "One Web" басшысы А. Штекель жобаны одан әрі ілгерілету туралы құжатқа қол қойды. 

"Chevron" корпорациясының барлау және кен өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Д. Джонсонмен әңгімелесу кезінде Болашақ кеңейту жобасы, "Теңізшевроил" жобасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақстандық жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен шаралар әзірлеу мәселелері талқыланды. 

"ValvTechnologies" компаниясының президенті К. Хантпен келіссөз барысында Қазақстанда мұнайгаз секторы үшін клапандар мен тиектер шығару зауытын ашу мүмкіндігі қаралды. Шығарылған өнімді болашақта "Теңізшевройлды" кеңейту жобасын іске асыру аясында пайдалану, сондай-ақ көршілес елдердің нарықтарына экспорттау жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу